Мемлекеттен әлеуметтік пакеттер - Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы

Мемлекеттен әлеуметтік пакеттер - Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы

Қазақстанда 2021 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы ұсынылатын болады. Қазірдің өзінде Ақмола облысында пилоттық режимде Портал арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар 200 аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық тауарларды алады. Біздің облыста азық-түлік өнімдерін жеткізуші "ЖК Дарбаев К.К." компаниясы, гигиеналық құралдар - "Көктем" ЖШС болды.

- Біз Қазақстанның көптеген өңірлерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған гигиеналық керек-жарақтарды жеткізуші болып табыламыз. Порталда тіркеліп, АӘК алушыларға тауарларды жеткізу бойынша пилоттық жобаға қатыстық. Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу ыңғайлы, барлығы түсінікті және техникалық сауатты әзірленген. Қызметті жылжытудың барлық процесін жеткізуші де, тапсырыс беруші де қадағалайды, - Алматы қ. "Көктем" ЖШС өкілі Әсел Рахимова айтып берді.

ҚР ЕХӘҚМ "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ қызметкерлері қалалар мен аудандардың әлеуметтік қорғау органдарының мамандарын порталда көрсетілетін қызметті алушылармен және жеткізушілермен жұмыс істеуге оқытуды жүргізді. Қазіргі уақытта қызмет алушыларды ЭЦҚ-кілттермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, ал жұмыспен қамту орталықтарында порталмен қалай жұмыс істеу керектігі түсіндіріледі.

2021 жылдың басында облыста 1886 отбасы МБЖ алады деп күтілуде, оның 1645-і немесе 87%-ы ЭЦҚ-мен қамтамасыз етілген. 1 қарашаға қарай электрондық цифрлық қолтаңбаны әлеуметтік топтаманы алушылардың барлық отбасылары алуы тиіс.

Порталдың арқасында кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді алу әлдеқайда ыңғайлы болады. Өтініш беруші әлеуметтік қызметтер порталындағы өзінің жеке кабинетінде тауар жеткізушілерін және КӘП жиынтықтарының ұсынылатын нұсқаларын өз бетінше таңдай алады. Электрондық өтінім автоматты түрде жеткізушіге жіберіледі, ол КӘП-ті тікелей алушыларға жеткізеді. Пакеттерді өздігінен де алып кетуге болады.

- Порталға өтініш бердім. Бұл әлдеқайда қарапайым және жылдам, енді мен балаларымның қандай тамақ пен гигиеналық өнімдерді алатындығын көре аламын, - өз ойымен Зеренді ауылынан Гүлзат Серікқызы Ешмағанбетова бөлісті.

- Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері барлығын түсінікті етіп түсіндіріп, порталда әлеуметтік топтамаға өтінім беруге көмектесті. Мемлекеттен көмек алу өте ыңғайлы болды, - Біржан сал ауданынан екі баланың анасы Әсел Жанұзаққызы Игликова.

Қазіргі уақытта пилот аясында порталда өтініш берген 148 ақмолалық отбасы Портал арқылы 242 пакетпен қамтамасыз етілді.