"Ашық есік күні"

"Ашық есік күні"

2025 жылғы 10 қарашада мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша ай сайынғы негізде өткізілетін кезекті Ашық есік күні өтті.

Іс-шара «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектігі бар адамдар одағы» ЗТБ базасында облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерінің, аудандар мен қалалар әкімдерінің, «Ақмола облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті» РММ аумақтық бөлімшесі өкілдерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өтті. Әкімдіктердің, аудандардың, қалалардың әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдері онлайн режимде.

Аталған іс-шарада мүгедектер арбасын ресімдеу үшін жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу бойынша сұрақтар, қолжетімділік мәселелері қойылды, сондай-ақ оңалтудың техникалық құралдарының тізбесін кеңейту бойынша ұсыныстар айтылды.