Көкшетау қаласындағы Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

Көкшетау қаласындағы Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

2025 жылғы 7 қараша күні Көкшетау қаласында Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік бағдарлама Орталық қызметкерлері дайындаған театрландырылған прологпен басталды. Сахнадан үш онжылдық бойы ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін балаларға көмек көрсету сияқты ізгі іске өз өмірін арнаған жандарға алғыс сөздері айтылды.

     Ашылу сөзінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Орталықтың мейірімділіктің, кәсібиліктің және жанашырлықтың символына айналғанын атап өтті.

    Іс-шара барысында Орталық қызметкерлері облыс әкімі мен басқарма басшысының атынан адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен мамандығына адалдығы үшін алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

    Әлеуметтік қорғау саласының ардагерлеріне, яғни мекеменің қалыптасуына зор үлес қосқан және оның дамуына негіз болған жандарға ерекше алғыс білдірілді.

    Мерекелік концертті қаланың шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының орындауындағы ән-билер, сондай-ақ Орталықтың құрылу тарихы мен жетістіктері бейнеленген бейнероликтер көріктендірді.

   Іс-шара ардагерлерге гүл шоқтарын табыстаумен және Орталық хорының орындауындағы қорытынды әнмен аяқталды.