
2025 жылғы 6 қарашада Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қыздарбекұлы Мұхамедин облыстың аудандары мен қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қатысуымен " ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" әлеуметтік жобасын іске асыру мәселелері бойынша Zoom форматында онлайн-кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына Ақмола облысы бойынша Тәлімгер Әсел Асанқызы Атабаева қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша жобаны одан әрі іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.