
2025 жылғы 6 қараша күні жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет қандастарға арналған Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараға облыс аудандарынан келген қандастар, сондай-ақ қандастар көп қоныстанған өңірлердің әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, жиынға білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері және Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті қатысты.
Мұндай кездесулерді ай сайын тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.
Басты мақсат — қандастармен тығыз байланыста болып, өзекті мәселелерден дер кезінде хабардар болу, туындаған сұрақтарды жедел шешу және олардың бейімделу мен қоғамға толықтай кірігуіне жан-жақты қолдау көрсету.