Кандастарға арналған ашық есік күні

Кандастарға арналған ашық есік күні

2025 жылғы 6 қараша
сағат 10:00
Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23 үй
(Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы)

Алғаш рет кандастарға арналған Ашық есік күні өтеді. Іс-шара барысында қатысушылар өзекті мәселелер мен сұрақтарды талқылап, жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімделу, білім беру, денсаулық сақтау және жер қатынастары салалары бойынша кеңес пен ұсынымдар ала алады.

Іс-шараға аудандар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік басқармалар өкілдері және Мансап орталықтарының қызметкерлері қатысады.

Барлық қандастарды белсенді қатысуға шақырамыз!