
2025 жылғы 5 қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренованың төрағалығымен аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен Отбасының Цифрлық картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат, ветеринария басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты. Онлайн режимінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтарының директорлары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары қосылды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және Отбасының Цифрлық картасы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.