Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күні!

Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күні!

    Қазан айының соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. «Достар» мәдениет сарайының концерт залында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байқадамқызының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік шараға өңірдің әлеуметтік қызметкерлері, еңбек ардагерлері, әлеуметтік қолдау орталықтарының, түрлі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері жиналды.

    Мереке құрметіне әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері ведомстволық медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты рәсім облыс өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасын тапты.