Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы терең қайғымен хабарлайды 100-ге толған шағында Ұлы Отан соғысының ардагері Щудляк Арсентий Андреевич дүниеден өтті.

Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы терең қайғымен хабарлайды 100-ге толған шағында  Ұлы Отан соғысының ардагері Щудляк Арсентий Андреевич дүниеден өтті.

Щудляк Арсений Андреевич 1925 жылдың 22 наурызында Украин КСР-і, Каменец-Подольск облысы, Карытно ауылында дүниеге келген. Сол жылы отбасы Қазақстанға, Ақкөл станциясына қоныс аударған. 4 сыныптық білімі бар, соғысқа дейін ағаш ұстасының шәкірті болып еңбек еткен.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылдың қарашасынан 1946 жылдың наурызына дейін 18-ші моторлы атқыштар бригадасының құрамында Жапониямен соғыста Адунь қаласын азат етуге қатысқан.
1946 жылдың наурызынан 1948 жылдың сәуіріне дейін 268-ші автомобиль батальонында жүргізуші болып қызмет атқарған.

Соғыстан кейін Щучинск қаласындағы теміржолдың әскери күзет бөлімінде еңбек етті. 1985 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Арсений Андреевич жауынгерлік және еңбек ерлігі үшін келесі марапаттарға ие болған:

  • ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені;
  • «Германияны жеңгені үшін» медалі;
  • «Жапонияны жеңгені үшін» медалі;
  • Георгий Жуков медалі;
  • «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» (1918–1978 жж.) мерейтойлық медалі;
  • және басқа да мерейтойлық медальдар.

Елінің ертеңі үшін күресіп, өнегелі өмір сүрген ардагердің жарқын бейнесі мен есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.