2025 жылғы 22 қазанда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында басшының м. а. Е. Мұхамединнің төрағалығымен, комиссия мүшелерінің қатысуымен қандастарды қабылдау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өткізілді: құқық қорғау органдарының өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Комиссия қандас мәртебесін ұзарту және өңірлік квотаға енгізу жөнінде шешімдер қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қарады.