Ағымдағы жылдың 16 қазанында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.К. Мұхамединнің төрағалығымен «ZOOM» бейнеконференция құралдары бойынша облыстың қалалары мен аудандарының мансаптық орталықтарының директорларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес шеңберінде 2025 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындау мәселесі қаралды. Ағымдағы нәтижелерді талдауға, іс-шараларды іске асырудың тиімді тетіктерін әзірлеуге, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға бағытталған тапсырмаларды орындауға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, оларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленді.