
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Мүгедектігі бар адамдар күніне орай өңірде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланғанын хабарлайды.
Ақмола облысында азаматтарды әлеуметтік қолдау тиісті аумақтардың мәслихаттары бекіткен және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктері ескерілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Біржолғы төлем өтінішсіз тәртіппен жүзеге асырылады — төлемді тағайындау үшін мәліметтер автоматты түрде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру орталығынан (МӘСО) алынады.
Төлемді мүгедектігі бар барлық топтағы адамдар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар алады.
Біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері жергілікті мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін, яғни 7 864 теңгеден 19 660 теңгеге дейін құрайды.
2025 жылы осы мақсатқа 300 миллион теңгеден астам қаражат бөлінуі көзделген.
Ағымдағы жылдың жағдайы бойынша Ақмола облысында 29 615 мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде:
Әлеуметтік көмектің бұл түрі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауға және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.