Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысы

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Ақмола облысының әкімдігінде селекторлық режимде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары М.С. Тәткеевтің төрағалығымен өткен комиссия мүшелері облыс кәсіпорындарындағы, оның ішінде банкрот кәсіпорындар мен оңалту сатысында тұрған кәсіпорындардағы жалақы берешегіне мониторинг жүргізу нәтижелерін талқылады. Еңбек инспекциясы басқармасының ақпараты және Есіл ауданының "Торғай ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС және "Орловка" ЖШС өкілдерінің есептері тыңдалды.

Комиссия мүшелері жұмыс берушілерге жалақы бойынша бар берешекті өтеу жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырманы хаттамалық түрде бекітті.

Зеренді және Есіл аудандарындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы есептермен әкімдердің орынбасарлары, комиссия төрағалары тыңдалды. Әлеуметтік әріптестік тараптарының үйлесімді жұмысының арқасында өңірлердегі қоғамдық - саяси ахуал тұрақты түрде сақталып отыр.

Отырыс соңында жұмыс берушілердің еңбекті қорғау қауіпсіздігі жағдайларын сақтау және өндірісте жазатайым оқиғаларға жол беру бөлігінде еңбек заңнамасын бұзу мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша отырысқа қатысушыларды еңбек инспекциясы басқармасы хабардар етті және ШЖҚ "Шортанды Су" МКК өкілінің есебі тыңдалды.

Өңірлердегі әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында комиссия мүшелері өңірлердің отырыстарында жалақыны уақтылы төлеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шарттарын сақтау, жұмыскерлерді жұмыстан босату, жұмыс орындарын сақтау, ұжымдық шарттар және т. б. бойынша қол қойылған меморандумдар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау бөлігінде еңбек заңнамасының бұзылуына жол беретін жұмыс берушілердің есептерін үнемі тыңдау ұсынылды.