Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу аясында мамандарды оқыту

Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу аясында мамандарды оқыту

 «Қоғамдық келісім» КММ базасында әлеуметтік салада Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша мамандарды оқыту өтті.

Оқытуға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, мәдениет және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Отбасы қолдау орталықтары (онлайн форматта) қатысты. Қатысушылар платформа мүмкіндіктерімен және оны енгізу кезеңдерімен танысты.

Аталған платформа әлеуметтік қолдауға қолжетімділікті жеңілдетуге, оның ашықтығы мен атаулылығын арттыруға бағытталған.