Ақмола облысы Бірыңғай цифрлық платформаны енгізуге белсенді кірісті

Ақмола облысы Бірыңғай цифрлық платформаны енгізуге белсенді кірісті

2025 жылғы 18 қыркүйекте Көкшетау қаласында әлеуметтік салада Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес облыс әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренованың төрағалығымен өтті. Ол әлеуметтік саясатты цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, өңірдің жобаны белсенді іске асыруға дайындығын жеткізді.

Еңбек министрлігінен кеңеске салалық департаменттердің және Еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдері қатысты.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан:

Шолпан Рахматуллина, басқарма басшысы, өңірлік жұмыс тобы төрағасының орынбасары;

Ерлан Мұхамедин, басқарма басшысының орынбасары қатысты.

Сондай-ақ өңірлік жұмыс тобының мүшелері — білім, денсаулық сақтау, спорт, туризм, мәдениет басқармаларының өкілдері, сондай-ақ ЕХӘҚМ департаменттері мен Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері болды.

Платформаны енгізу әлеуметтік қолдауға қолжетімділікті жеңілдетуге, оны неғұрлым ашық әрі атаулы етуге мүмкіндік береді.