Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары аясында Шолпан Рахматуллина Державинск қаласының көпбалалы аналарымен кездесті.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді, атап айтқанда:
- көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары;
- қолданыстағы әлеуметтік төлемдердің атаулылығын күшейту;
- отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа скорингтік моделін енгізу;
- жұмыспен қамту және біліктілікті арттыру жүйесін дамыту.
Әлеуметтік көмекті бөлудің неғұрлым әділ әрі нақты тетігіне көшу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Скорингтік үлгіні енгізу аясында отбасылардың мұқтаждық деңгейін кешенді критерийлер негізінде бағалау жоспарлануда. Бұл мемлекеттік қолдауды оған шынымен мұқтаж жандарға неғұрлым тиімді бағыттауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар халық арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы мәлімет берілді. Оның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік саясаттағы жаңа тәсілдер, көмек алу тетіктері және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері жөніндегі хабардарлығын арттыру.
Іс-шараға қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, сондай-ақ өтініш беру тәртібі, қолжетімді қолдау шаралары және әлеуметтік саладағы алдағы өзгерістер жөнінде ақпарат алды.
Мұндай кездесулер халықпен тікелей диалог орнатуға ықпал етіп, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттердің жүзеге асуына азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.