Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия отырысы

Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия отырысы

2025 жылдың 11 қыркүйегінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында басшының м. а. Е. Мұхамединнің төрағалығымен, комиссия мүшелерінің қатысуымен қандастарды қабылдау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өткізілді: құқық қорғау органдарының өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Комиссия қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және мәртебені беру, ұзарту жөнінде шешімдер қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қарады.