2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы Ақмола облысының әкімдігінде өтті

2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы Ақмола облысының әкімдігінде өтті

2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы Ақмола облысының әкімдігінде өтті

Бүгін Ақмола облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байқадамовнаның төрағалығымен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытынды алқа отырысы өтті.

Отырысқа аудандық және қалалық әкімдердің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, басқармалардың басшылары, Еңбек мобильділігі орталығы мен мансаптық орталықтардың өкілдері қатысты.

Алқа отырысында келесі маңызды мәселелер қаралды:

  • халықты жұмыспен қамту;
  • инвестициялық жобалар аясында жұмыс орындарын құру;
  • көші-қон үдерістерін реттеу;
  • «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасын іске асыру;
  • «Socium» ақпараттық жүйесі мен «FSM social» мобильді қосымшасының жұмысын ұйымдастыру;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді трансформациялау.

Отырыс қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін тиісті тапсырмалар берілді