Отбасының цифрлық картасы мәселелері бойынша Бұланды ауданына жұмыс сапар

Отбасының цифрлық картасы мәселелері бойынша  Бұланды ауданына  жұмыс сапар

Бүгін Бұланды ауданының Макинск қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мұхамединнің төрағалығымен Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру бойынша штаб отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Исмагамбетова Кенжебике Негметжанқызы, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ішкі саясат, полиция, мемлекеттік кірістер бөлімдерінің өкілдері, поликлиника, мансап орталығы және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша отбасының цифрлық картасы бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.