Бүгін Қосшы қаласында отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру бойынша штаб отырысы өтті. Отырысты Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мұхамедин жүргізді. Шараға Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Жүмкей Берген, Тайтөбе ауылының әкімі, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ішкі саясат, полиция, мемлекеттік кірістер бөлімдерінің өкілдері, поликлиника, мансап орталығы және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша отбасының цифрлық картасы бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.