2025 жылғы 27 маусымда Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Б.Әміренованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Әлеуметтік төлемдер берешегін (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, ұжымдық шарттардың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыс туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат алу жағдайларына жол бермеу, "Парыз" және "Еңбек жолы" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс өткізуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.