Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия отырысы

Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия отырысы

2025 жылдың 2 шілдесінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында басшының орынбасары Е. Мұхамединнің төрағалығымен, комиссия мүшелерінің қатысуымен қандастарды қабылдау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өткізілді: құқық қорғау органдарының өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Комиссия қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, мәртебені беру және ұзарту жөнінде шешімдер қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қарады.