Отбасының цифрлық картасы мәселелері жөніндегі кеңес

Отбасының цифрлық картасы мәселелері жөніндегі кеңес

2025 жылғы 27 маусымда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен аудандар мен қалалар әкімдері орынбасарларының қатысуымен Отбасының цифрлық картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат, ветеринария, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты. Онлайн режимде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансаптық орталықтардың директорлары, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары қосылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және отбасының цифрлық картасы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін нақты тапсырмалар берілді.