Көкшетау қаласында Отбасының цифрлық картасын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңес

Көкшетау қаласында Отбасының цифрлық картасын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңес

 2025 жылғы 20 маусымда жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлының төрағалығымен Көкшетау қаласының аумағында Отбасының цифрлық картасы жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нөгертаева, Станционный кенті, Красный Яр ауылы әкімдіктерінің, сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру бөлімдерінің, жастар ресурстық орталығының, АХАЖ органдарының және басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында халықтың атаулы әлеуметтік қолдау құралы ретінде отбасының цифрлық картасын енгізу және тиімді пайдалану бойынша негізгі мәселелер қаралды. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, деректерді өзектендіру және жергілікті жерлерде іс-қимылдарды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша отбасының цифрлық картасының деректерін өзектендіру бойынша жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.