Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың автоматтандырылған өзара іс-қимылына арналған «Socium» және «FSM Social» ақпараттық жүйесі цифрлық платформаларын енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.