Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен аудандар мен қалалар әкімдері орынбасарларының қатысуымен отбасының цифрлық картасын іске асыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті.
Іс-шараға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, ішкі саясат, көші-қон және әділет басқармаларының өкілдері, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансаптық орталықтардың директорлары қатысты.
Күн тәртібі аясында екі негізгі мәселе қаралды:
Көкшетау қаласы мен Біржан Сал ауданы сияқты өзектендірілмеген деректердің ең көп саны бар аудандар мен қалаларға ерекше назар аударылды. Олардың өкілдері істердің қазіргі жағдайы мен артта қалу себептері туралы есеп берді.
Кеңес қорытындысы бойынша ақпаратты өзектендіру үдерістерін жеделдету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.