Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері талқыланды

Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 21 мамырында облыстық мәслихаттың «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, қоғамнан оқшауланбай жазалауға және қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларға сотталған адамдар арасындағы қайталама қылмыстардың профилактикасы» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Отырысқа Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Қыздарбекұлы Мұхамедин қатысты.