«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Координациялық кеңестің кезекті отырысы өтті»

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Координациялық кеңестің кезекті отырысы өтті»

2025 жылғы 21 мамырда Ақмола облысы әкімдігінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Координациялық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Ақмола облысы аудандарының әкімдерінің орынбасарлары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік интеграциялау, қолжетімді ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс нысандарының аз қозғалмалы топтар үшін қолжетімділігін жақсарту мәселелері қаралды.

Отырыста әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу мәселелеріне, медико-әлеуметтік сараптама жұмысын ұйымдастыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін білім беру саласында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ өңірдегі мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.