2024 жылғы есептерді жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру.

2024 жылғы есептерді жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру.

Құрметті қызмет алушылар!

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 23-бабының 5-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған.

Жария талқылау қызметті сондай-ақ берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы қағидаттарының іске асырылуын, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін тұрақты жетілдіруді, олардың көрсетілуінің үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан 30 наурызына дейін аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсететін ауылдық округтер, Шортанды және Жолымбет кенті, дербес бөлімдердің 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.

Аудан тұрғындарына «Пікір» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыруға мүмкіндік берілетін болады.

Ауданның барлық тұрғындарына жария талқылауларға белсенді қатысу өтінішімен жүгінеміз.