Комиссияның кезекті отырысы өтті

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Т.Жазитовтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 30 маусымында Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы «дөңгелек үстел» форматында өтті. «Дөңгелек үстел» жұмысына ауданның жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтары қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына суицидтің алдын алу бойынша психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мәселелері қаралды. Сөз сөйлеушілер тыңдалғаннан кейін, отырысқа қатысушылар еркін пікір алмасу форматында осы бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Комиссия төрағасы суицидтік мінез-құлық қазіргі уақытта жаһандық әлеуметтік-психологиялық проблема болып табылатынын атап өтті. Жасөспірімдер арасындағы суицидке ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мәселе ерекше бақылауды талап етеді және атқарушы билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресурстарын біріктіретін кешенді, мультидисциплинарлық тәсілмен ғана шешілуі мүмкін.

Сөз сөйлеу мазмұнын ескере отырып, суицидтің алдын алу мақсатында дөңгелек үстелге қатысушылар кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстарды қабылдады және айтылды.