Конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурс өткізу туралы хабарлама

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша  конкурсты қайталап өткізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6 мекен-жайы бойынша 2022 жылғы 27 шілдесінен бастап 2022 жылғы 16 тамызын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

Конкурстың қорытындысын шығару күні, уақыты және орны: 2022 жылғы 17 тамыз сағат 11.00-де, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6, 2-қабат, мәжіліс залы.

 

лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің берілу мақсаты

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)

Алаңы (га)

Бонитет балы

Топырақ сипаттамасының сапасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

1.       

Буревестник ауылы

ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Жайылымдар, оның ішінде 243 га табиғи , түбегейлі жақсартылған 58 га

301

11

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

2.       

Егіндікөл

ауылы

ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Егістік

50

27

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

өсімдік шаруашылығы

3.       

Егіндікөл

ауылы

ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Егістік

75

30

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

өсімдік шаруашылығы

4.       

Қоржынкөл ауылы

ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Жайылымдар, оның ішінде 30 га табиғи , түбегейлі жақсартылған 420 га

450

20

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

5.       

Қоржынкөл ауылы

ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Жайылымдар, оның ішінде 108 га табиғи , түбегейлі жақсартылған 342 га

450

118

күңгірт-күрең топырақ

Суландырылмаған

мал шаруашылығы

Жалпы аумағы 1 326 га, соның ішінде125 га егістік, 381 га табиғи жайылым, 820 га түбегейлі жақсартылған

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

 

 

Конкурсқа ұсыныстар мыналарды қамтуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылық ішіндегі жерді абаттандыру бойынша  орналастыру жобасын жасау және игеру және ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.
Инвестициялар сомасында өнімді сақтау және қайта өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жай салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында байланыстырылған мәліметтер болуы тиіс. Өтінімде өтініш берушінің жұбайының (зайыбының) шетелдік азаматтығы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Жеке тұлғалардың,шаруа қожалықтарының өтінімдерінде өтініш беруші осы ауданда,ауылда, кентте қанша уақыт тұратыны көрсетілуі қажет.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, нөмірленген беттерімен тігілген түрде басылған немесе өшірілмейтін сиямен жазылған, соңғы беті: жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген тұлға) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенім білдірілген тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған жағдайда) расталуымен ұсынады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы әкімдігінің Ғаламтор-ресурсынан алуға болады. http://egin.akmo.gov.kz/ немесе 87164221510 телефоны арқылы.