«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы

Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін нығайту, ауылдық жерлерде дипломы бар кадрларды бекіту мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеден бастап «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

2009-2022 жылдар аралығында Шортанды ауданында тұрғын үй сатып алу үшін 1 116,2 млн. теңге сомасына 342 бюджеттік кредит берілді, оның ішінде:

білім беру - 808,8 млн. теңге сомасына-252,

денсаулық сақтау- 216,6 млн. теңге сомасына-64,

мәдениет - 38,4 млн. теңге сомасына-11,

агроөнеркәсіптік кешен- 26,9 млн. теңге сомасына-8,

әлеуметтік қамсыздандыру- 14,9 млн. теңге сомасына-4,

спорт- 6,0 млн. теңге сомасына-2,

мемлекеттік қызметшілер- 4,6 млн. теңге сомасына-1және әлеуметтік қолдау шаралары ретінде 73,0 млн. теңге сомасына 449 көтерме жәрдемақы, оның ішінде:

білім беру-50,3 млн. теңге сомасына-310,

денсаулық сақтау – 19,1 млн. теңге сомасына-116,

мәдениет-1,5 млн. теңге сомасына-10,

әлеуметтік қамсыздандыру- 1,1 млн. теңге сомасына-6

агроөнеркәсіптік кешен-0,5 млн. теңге сомасына-4,

спорт-0,5 млн. теңге сомасына-3.

2022 жылға арналған жоспар бойынша 183,8 млн.теңге сомасына 40 бюджеттік несие жоспарланған, бүгінгі күні 73,1 млн. теңге сомасына 16 несие берілді, 6,1 млн. теңге сомасына 20 көтерме жәрдемақы жоспарланған, 5,2 млн. теңге сомасына 17 көтерме жәрдемақы төленді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі алты жұмыс күні. Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-не әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы, есепке қою және кезектілік туралы келісім жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту болып табылады.

Барлық туындаған мәселелер бойынша Сіз Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нен немесе 2-20-68 телефоны арқылы түсініктеме ала аласыз.

 

Ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау алғандардың бірі:

Камнев Максим Андреевич - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Шортанды аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Дамса дәрігерлік амбулаториясының зертханашысы, бюджеттік кредит алды.

Озатқызы Жадыра -«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім беру бөлімі № 3 Шортанды кентінің  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі, көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит алды.