Референдумда дауыс беру үшін өз учаскеңізді қалай табуға болады?

Референдумда дауыс беру үшін өз учаскеңізді қалай табуға болады?

Референдумда дауыс беруге арналған өз учаскені "ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу"сервисі арқылы табуға болады. Бұл қызмет үш ақпараттық ресурста орналастырылған:

Қазақстан азаматы ЖСН арқылы референдумның өз учаскесін табады. Учаске болмаған жағдайда әкімдіктердің call-орталықтарының тізімдері автоматты түрде көрсетіледі.

Есептен шығару куәлігі арқылы дауыс беру үшін не істеу керек?

Азамат өзінің жүрген жерін ауыстырған жағдайда, ол 2022 жылғы 20 мамырдан бастап 4 маусым күні сағат 18:00-ге дейін учаскелік комиссияға өтініш негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы.

Сенімхат негізінде есептен шығару куәлігін алуға болады. Бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру міндетті емес.

Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік комиссия дауыс беру күні азаматты оның келген жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді.

Референдум 5 маусымда өтеді.