Дипломмен ауылға

Дипломмен ауылға

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған және ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті еңбек ресурстарымен - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен, мемлекеттік қызметшілермен күшейтуге бағытталған. Бүгінде жоғарғы оқу орындары мен колледждерді бітіргеннен кейін ауылдық жерлерді жұмыс пен өмірге таңдаған жастар аз емес.

Осы бағдарламаға сәйкес ауылға жұмыс істеуге келген мамандарға біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит бөлінеді. Ол 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% – бен беріледі (2022 жылға АЕК - 3063 теңге, көтерме жәрдемақы 100 АЕК - 306 300 теңге, бюджеттік кредит 1500 АЕК-4 594 500 теңге).

2022 жылға жоспар бойынша 183,8 млн.теңге сомасына 40 бюджеттік кредит, 6,1 млн. теңге сомасына 20 көтерме жәрдемақы жоспарланған, қаржыландырудың басталуы - маусым айы, бүгінгі күні 10 маманға 3,1 млн. теңге сомасында төленді, оның ішінде 7 білім беру саласындағы маманға, 2 денсаулық сақтау маманына және 1 әлеуметтік қамсыздандыру маманына.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі алты жұмыс күні. Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыныңкөрсетілетін қызметті беруші Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-не әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы, есепке қою және кезектілік туралы келісім жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту болып табылады.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі «Ауылдық елді мекендергежұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен айқындалған.

Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ