Парламент Мәжілісінің депутаттары Шортанды ауданында болды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Шортанды ауданында болды

Жұмыс сапарымен Шортанды ауданына Мәжіліс депутаттары Үйсімбаев Асқарбек, Елубаев Мәди және Саиров Ерлан келді.

Сапар аясында депутаттар қаптама материалдарын өндірумен айналысатын "Полимер Пласт" ЖШС-да болды. Компания 2014 жылы аймақтық Индустрияландыру картасы аясында ашылды және аймақтағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Бүгінде мұнда 30-ға жуық жұмыс орны ашылды. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, жергілікті кәсіпорындардың табысты жұмысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

Одан кейін мәжілісмендер азаматтармен кездесу өткізді. Бектау ауылының тұрғындары дивидендтер төлеуге және жергілікті ЖШС құрамынан пайшылардың шығуына байланысты проблемалық мәселелерді айтып, жайылымдардың жетіспеушілігі мәселелерін талқылады.

Азаматтарды тыңдағаннан кейін депутаттар ауыл тұрғындарына тиісті түсініктемелер бере отырып, шешім нұсқаларын ұсынды. Олар шаруа қожалықтарының қарамағындағы пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді қайтару бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

"Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді мәжбүрлеп алып қою мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқартатын заңға қол қойды. Бүгінде космомониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері енгізілді. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлеріне салық ставкалары екі рет ұлғайтылған. Қабылданған заң жобаларын ескере отырып, жайылымдық жерлердің тапшылығы жағдайы айтарлықтай жақсаруы тиіс деп есептеймін", - деді Ерлан Саиров.

Одан кейін депутаттар "AMANAT" партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындардың мәселелері ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары салаларына қатысты болды.

"Партия филиалында барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік бар. Бүгін мәжілісмендер менің өтінішім бойынша нақты түсініктеме берді. Оған қоса, олар барлық азаматтар әлеуметтік желілер арқылы жүгіне алатынын айтты, бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын құрудың дұрыс қадамдары деп санаймын", - деді аудан орталығының тұрғыны Серікбол Мерейұлы депутаттарға.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен кездесу барысында ел Президентінің Жолдауында белгіленген реформалар, сондай-ақ Мемлекет басшысының азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі бастамаларының маңыздылығы талқыланды.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаттары талқыланып жатқан мәселелердің өзектілігін атап өтіп, азаматтардың сауалдарына парламенттік бақылау жалғасатынын айтты.