Екі ай ішінде БЖЗҚ салымшылары таза инвестициялық кіріс есебінен 522 миллиард теңгеден астам табыс тапты

Екі ай ішінде БЖЗҚ салымшылары таза инвестициялық кіріс есебінен 522 миллиард теңгеден астам табыс тапты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың  зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсімі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында инвестициялық табыс шамамен 522,3 млрд теңгеге өсті, бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе немесе 304,4 млрд теңгеге артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2022 жылдың басынан беріинфляция 1,5% болғанда 4,0%құрады. Бұл ретте соңғы күнтізбелік 12 айда инфляция 8,7% болғанда кірістілік 13,65%жетті.

Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі кірістер, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.   

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,6 трлн теңгені құрады.  Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бері (1998 жыл) инвестициялық кірістілік 2022 жылдың 1 наурызына қарай өсу қорытындысымен барлық кезеңдегі инфляция 556,47% болғанда 712,36% жетті. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыла бастаған кезден бастап 2022 жылдың 1 наурызына дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 155,90% көрсетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді.

            Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.