Шортандылықтар құқықтық тәртіпті қорғау үшін халық жасағына бірікті

Шортандылықтар құқықтық тәртіпті қорғау үшін халық жасағына бірікті

Еріктілер қатарындағы азаматтар құқық қорғау органдарына бейбітшілік пен тәртіпті сақтау мен қамтамасыз етуде белсенді түрде көмектеседі.

Күн сайын, коменданттық сағат кезінде ауданның кенттері мен ауылдарының көшелерін халық жасақтары күзетеді, - деп хабарлайды Шортанды ауданының әкімдігі.

Белсенділер арасында қоғамдық тұлғалар, педагогтар, спортшылар мен еріктілер бар.

Белсенділер ауданда тәртіпсіздіктер болмағанын, жағдай құқық қорғау органы құрған жедел штабтың бақылауында екенін атап өтті.

Қоғамдық қозғалыс көшбасшылары Сергей Цырульников пен Арман Сүлеймен өздерінің сөздерінде елдегі жағдайдың тез арада тұрақтанатынына сенім білдіріп, жасақ мүшелеріне белсенді қоғамдық қызметі үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаппай наразылықтар 2022 жылдың алғашқы күндерінде басталды. 5-19 қаңтар аралығында Ақмола облысының аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.