Мемлекеттік қызметшілердің Ақмола облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғожевна Жаңаділовамен кездесуі өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің Ақмола облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғожевна Жаңаділовамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Айнагүл Балғожақызы мемлекеттік қызметтің маңыздылығы туралы айтып, мемлекеттік қызметшілерге жүктелген міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы туралы хабардар етті, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нығайту мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын өзге де іс-әрекеттер, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерінің аккаунттарына мемлекеттік қызметшінің беделін түсіретін материалдардың болуына және мемлекеттік қызметтің имиджіне мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында А.Б. Жаңаділова Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды және заңдылық пен әдептілік қағидаттарын бұлжытпай ұстану жоғары кәсіби және адами беделдің кепілі болып табылатынын атап өтті.