Аудан әкімінің орынбасары М. Ақшаловтың төрағалығымен Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

Комиссия отырысы барысында кәмелетке толмаған баланың ата-анасының комиссияның 04.11.2021 жылғы алдыңғы отырысында берген ұсынымдарын іске асыру мәселесі қаралды.

Ауданның кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесінің жұмыс органымен  осы отбасына апта сайын барып, бақылау жүргізуді жалғастыру, ата-анаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюға және тұрғын үй беру жөніндегі кезектілікке жәрдем көрсету туралы шешім қабылданды.

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне бала – ата-ана қатынастарын қалыпқа келтіру және алкогольге тәуелділіктен арылу, өзінің ата-ана міндеттерін толық көлемде орындау, берілген жұмысқа функционалдық міндеттеріне сәйкес жауапкершілікпен қарау бойынша оң динамиканы жалғастыруға ұсынымдар берілді.