Шортанды ауданында қарттар күні атап өтілді

Шортанды ауданында қарттар күні атап өтілді

Қарттарға құрмет көрсету айлығы аясында аудан әкімдігінен зейнеткерлер мен ардагерлер құттықтау қабылдайды.

Бүгін Шортанды кентінде "алтын жастағы" адамдардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Аудан әкімі Бауыржан Малғаждаров зейнеткерлерді қарттар күнімен құттықтап, оларға денсаулық пен бақыт тіледі, сондай-ақ алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

"Қарт азаматтардың проблемалары аз емес. Сонымен қатар, адамдар материалдық ғана емес, сонымен бірге эмоционалды қолдау, жылы сөздер мен шынайы көңіл бөлуі де маңызды. Құрметті демалыста жүрген немесе жасына қарамастан жұмысын жалғастыратындардың барлығын шын жүректен құттықтаймын", - деді аудан әкімі.

Мерекелік атмосфера ешкімді бей-жай қалдырмады. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін әжелер мен аталар әртістерді алғыс сөздерімен және жылы жүзбен шығарып салды.