Аудан әкімі Петровка, Андреевка және Пригородный ауылдық округтерінде болды

Аудан әкімі Петровка, Андреевка және Пригородный ауылдық округтерінде болды

#repost @bauyrzhan.malgazhdarov

Жұмыс сапарымен Петровка, Андреевка және Пригородный ауылдық округтерінде болдым.

Әлеуметтік мақсаттағы және инфрақұрылымдық даму саласындағы бірқатар нысандарды араладым.

Петровка ауылының "Айгөлек" бөбекжайы 1972 жылдан бастап жұмыс істейді. Мектепке дейінгі мекеме 70 баланы қабылдауға есептелген.  Петровка орта мектебінде 190-нан астам оқушы білім алады. Директордың м.а. әңгімелесіп, проблемалық мәселелер айтылды. Сондай-ақ, биыл оқу процесін ұйымдастыруға және өткізуге байланысты мәселелерге назар аударылды.

Округ бойынша жұмыс сапары жергілікті "Петровское"АҚ  мәдениет үйі мен спорт кешенін аралаумен жалғасты.

Андреевка ауылдық округінде Октябрь негізгі мектебінде болдым, онда 40-қа жуық оқушы оқиды. Мектеп базасында балаларға арналған шағын орталық жұмыс істейді.

Округтің денсаулық сақтау объектілерінде болдым. Ағымдағы жылы "Октябрьское" АШТӨ ЖШС қаражаты есебінен Октябрь фельдшерлік пунктіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, Андреевка дәрігерлік амбулаториясында медперсоналмен әңгімелесіп, кабинеттерді қарап шықтым.

Пригородный ауылдық округіне сапары барысында "Жолымбет-Шортанды-Пригородное"облыстық маңызы бар жолды жөндеу объектісінде болдым. Жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айынан Пригородныйдан бастаа жүргізілуде.  Бұл жұмыс жалғасуда.

Пригородный фельдшерлік-акушерлік пункті алты жүзден астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Округте коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Егілген халық саны 90% - ды құрады.

Жұмыс сапары жергілікті мектепке барумен аяқталды. Барлық округтерде жергілікті қоғамдастық мүшелерімен және жергілікті ведомство өкілдерімен кездестім.