Аудан әкімі Шортанды кентінің бірқатар нысандарын аралады

Аудан әкімі Шортанды кентінің бірқатар нысандарын аралады

Бүгін аудан әкімі Бауыржан Малғаждаров ауданмен танысу аясында Шортанды кентінің бірқатар нысандарын аралады.

Ауданда жылу беру маусымы Әлеуметтік сала нысандарында қыркүйек айының соңынан басталды. Бауыржан Багдатұлы аудан орталығындағы қазандықтарды қарап шықты. Жалпы, жұмыс кесте бойынша жүргізілуде, отын қоры қалыпты. Жылыту кезеңінің барысын бақылауда ұстауды тапсырды.

Одан әрі аудан әкімі жаттығу залы мен бассейн кіретін "Қайнар" балалар-жасөспірімдер кешеніне барды. Резервуар ыдысының тұтастығының бұзылуына байланысты бассейн уақытша жұмысын тоқтатты. Кешен басшылығына бассейнді қалпына келтіру және өз қызметін қайта бастау бойынша қысқа мерзімде бюджеттік өтінім енгізуді тапсырды.

Сондай - ақ, Малғаждаров Б.Б. жұмыс сапары аясында көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен және кенттің Бас спорт нысаны-стадионға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол жұмысты сапалы және көрсетілген мерзімде жүргізуді тапсырды.

Кездесу соңында аудан әкімі жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесу өткізіп, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту сұрақтарын талқылап, сондай-ақ
Ойын-сауық орталығының қызметімен танысты.