Шортанды ауданы ауылдық округінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы

Шортанды ауданы ауылдық округінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының                     1-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 25 шілде болған әкім сайлауының                                                                      Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка, Новокубанка, Пригородное және Бозайғыр ауылдық округінің қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Шортанды аумақтық сайлау комиссиясы тіркеді:

       - Ермолов Алексей Юрьевич, 1962 жылы туған , Андреевка ауылдық округінің бұрынғы әкімі болып жұмыс істеген,  Андреевка ауылында тұратын Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округі әкімі болып;

       - Мардан Рахат, 1975  жылы туған, Новокубанка ауылдық округінің бұрынғы әкімі болып жұмыс істеген, Новокубанка ауылында тұратын Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка ауылдық округі әкімі болып;

  -   Пистрюга Наталья  Леонидовна, 1972жылы туған, Пригородное ауылдық округінің бұрынғы әкімі болып жұмыс істеген, Пригородное ауылында тұратын  Ақмола облысы Шортанды ауданы Пригородное ауылдық округі әкімі болып;

-  Шаймұрат Бауыржан, 1983 жылы туған , «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Бозайғыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ бұрынғы информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, Бозайғыр ауылында тұратын Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округі әкімі болып.

 

                      

                                                    Шортанды аумақтық сайлау комиссиясы