Шортанды ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы

Шортанды ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы

2021 жылы 25 шілдеде Шортанды ауданының Андреевка,Новокубанка, Пригородное және Бозайғыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы төрт округ бойынша өтті. Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Шортанды ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының сайлау нәтижелерін анықтады:  

 

 Андреевка сайлау округі Андреевка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:   Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 758 азамат енгізілді, олардың 711-сі дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 0, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 1. Әр кандидатқа берілген дауыстар: Ермолов А.Ю.– 695; Ыскаков С.Е. – 11; Капажанова Ж.С. – 4.

Андреевка ауылдық округінің әкімі болып Андреевка ауылдық округінің Андреевка ауылында тұратын, «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  әкімі,   «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынылған, 1962 жылы туған  Алексей Юрьевич Ермолов сайланды.

 

 Новокубанка сайлау округі Новокубанка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:   Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1359 азамат енгізілді, олардың 1252-сі дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 16. Әр кандидатқа берілген дауыстар: Артюх А.О.– 88; Баймусинов С.С. – 23; Мардан Р. – 1123.

Новокубанка ауылдық округінің әкімі болып Новокубанка ауылдық округінің Новокубанка ауылында тұратын, «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  әкімі«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынылған, 1975  жылы туған  Мардан Рахат сайланды.

 

Пригородное  сайлау округі Пригородное ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:   Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 609 азамат енгізілді, олардың 578-сі дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны –0, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 1. Әр кандидатқа берілген дауыстар: Пистрюга Н.Л.– 536; Пономарева В.В. – 23; Шәди Б. – 18.

Пригородное ауылдық округінің әкімі болып Пригородное ауылдық округінің Пригородное ауылында тұратын, «Пригородное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  әкімі,   «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынылған, 1972жылы туған  Наталья Леонидовна Пистрюга сайланды.

 

Бозайғыр сайлау округі Бозайғыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:   Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2363 азамат енгізілді, олардың 1441-сі дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны –12, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 61. Әр кандидатқа берілген дауыстар: Алгазин А.Т.– 11; Казантаев К.М. – 12; Мурзабаев А.К. – 195; Уатхан Т- 52; Шаймұрат Б- 1098. Бозайғыр ауылдық округінің әкімі болып Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылында тұратын, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Бозайғыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі,   «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынылған, 1983 жылы туған  Шаймұрат Бауыржан сайланды.

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы