Шортанды ауданында дала күні өтті

Шортанды ауданында дала күні өтті

Бүгін Научный кентінде Syngenta Қазақстан компаниясы мен А.И. Бараев атындағы еліміздің ірі ғылыми-өндірістік астық шаруашылығы орталығы бірлесіп ұйымдастырған Дала күні өтті.

Іс-шара Қазақстандағы Syngenta алғашқы сынақ зертханасының ашылуына және институттың 65 жылдығына арналған.

Биылғы жылы Дала күніне еліміздің барлық өңірлерінен ғылым мен өндіріс және бизнес саласында АӨК өкілдері келді.

Орталық ғалымдары тәжірибелік алқаптарда қатысушыларды Ақмола облысы жағдайында нақты егіншілік жүйесін зерттеу нәтижелерімен таныстырды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқарудың бағдарламалық-ақпараттық кешенінің мүмкіндіктері көрсетілді.

Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО дәнді, бұршақты, майлы, жемдік дақылдарды өсіру технологияларын әзірлеу және Қазақстанның солтүстік, орталық облыстары үшін жаңа сорттарды құру бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын республикадағы жетекші мекеме болып табылады.