Шортанды ауданында автомобиль жолдарын жөндеу жалғасуда

Шортанды ауданында автомобиль жолдарын жөндеу жалғасуда

Новокубанка ауылында ұзындығы 1,8 км көше-жол желісін қалпына келтіру басталды, деп хабарлайды Шортанды ауданының әкімдігі.

Тиісті жұмыстарды "Фортуна" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде.

Атқарылған жұмыстар туралы ауыл тұрғындары оң пікір білдіруде.

"45 жыл бұрын ауылда алғаш рет асфальт төселді. Әрине, көп уақыт өтті. Міне, шілде айында социалистік еңбек Ері Кан Де Ханның есімімен аталатын біздің орталық көшемізге асфальт төселді. Әрине, біздің көше тұрғындары жаңа жолға қуанышты. Ауыл жыл сайын көркейіп келеді!",- деді ауыл тұрғыны Людмила Липская.

Айта кетейік, 2021 жылдың соңына дейін ауданда шамамен 45 км автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған. Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.