«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы

«Дипломмен ауылға!» жобасы елімізде 10 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Көптеген жастар білім алғаннан кейін астанадан жұмыс табуға немесе қалаларға кетіп сол жақтан өздерінің карьерасын жасауға тырысады. Мұндағы үлкен кемшілік-бұл ауылдық жерлерде мамандық бойынша жұмыс табу мүмкіндігін қарастыратындар аз болып келеді.  Сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі үнемі кеңейіп отыратындығын ескерсек, «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасыжұмысқа орналасу проблемасын шешуге, жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы ауданда «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 10 маманға тұрғын үйге 43,8 млн.теңге сомасына бюджеттік кредиттер ұсынылды және 30 маманға 8,8 млн.теңге сомасына бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді.

Салалар бөлінісінде жалпы келген мамандар қатарынан білім беру саласына - 26 адам, денсаулық сақтау саласына - 13 және агроөнеркәсіптік кешен саласына - 1 адам тартылды.

Амантай Ақерке Айымбекқызы – жас маман. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Степной ауылының жалпы білім беретін мектебінде математика пәнінен сабақ береді.

Бердимурат Ақмаржан – Шортанды кентінің № 3 жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Бойжеткен 2019 жылы педагогикалық колледж бітірген. Оныңәрқашан мұғалім болғысы келетін. Бірақ, жас педагог мемлекеттік бағдарламаны бір жарым жылдан кейін ғана пайдаланды,ол бұл ісіне мүлдем өкінбейді.

         Тоғанбаева Нурия Қайратқызы – 2019 жылы медициналық университетті бітіріп, аудандық ауруханаға емхана жанындағы 2-терапевтік учаскенің терапевт дәрігері болып жұмысқа орналасуға келді.

         Аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы 183 қаулысына сай жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлеу және айлық есептік көрсеткіштің бір жарым мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада, он бес жылға дейінгі мерзіммен, 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ұсыну түріндегі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары көзделген (2021 жылға АЕК – 2 917 теңге,  100 АЕК -291 700 теңге, 1 500 АЕК – 4 375 500 теңге).

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі бірнеше рет өзгерістер енгізілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және  агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен белгіленген.

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтар-жауаптар.

  1. Өтінімді қарау және жеңілдікті кредит беру мерзімі қандай?

Өзектендірілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері әкімшіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 6 жұмыс күнін құрайды. (Бұрын көтерме жәрдемақы төлеу – 27 жұмыс күні ішінде, тұрғын үйге бюджеттік кредит төлеу – 47 жұмыс күні ішінде болған).

  1. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қай жылға дейін болады?

«Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобаны іске асыру мерзімдері регламенттелмеген.

  1. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса, мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба?

Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.

Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, өтінішті уақтылы бермеген немесе қаржыландырудың болмауы себебінен әлеуметтік қолдау шараларын ала алмаған білікті сала мамандары (мамандандырылған салалық дәрігерлер, шет тілдері мұғалімдері). Осы норманы енгізгенге дейін Қағидаларда мұндай мүмкіндік болмады және әлеуметтік қолдау шараларын жылдың басында өтініш берген мамандар ғана алды.

Алайда, бұл тізбеге ағымдағы жағдайға қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін (қосымша ақша бөлу, басқа мамандардан бас тарту және т.б.).

Туындаған барлық мәселелер бойынша Сіз Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нен 2-20-68 телефоны бойынша түсіндірме ала аласыз.