Құрметті аудан тұрғындары!
Қымбатты балалар!
Бала - шынайылық пен әділетіліктің, бар жақсылық атаулыға сенімнің бейнесі. Олар адамзаттың болашағы, сондықтан да үлкендер олардың бейбітшілік пен молшылықта тәрбиеленуі мен өсуі үшін не қажеттінің бәрін жасауы қажет.
Қымбатты жас шортандылықтар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бақытты, мықты, шымыр болып өсіңіздер және тәуелсіз еліміздің мақтанышы болыңыздар! Сіздер үшін бейбіт елдің көк аспаны әрдайым ашық болсын, ата-бабаларымыз бастан кешкен қиыншылықтарды көрмей өсіңіздер! Біздің қоғамның лайықты мүшесі болыңыздар!