Бүгін Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаев Шортанды ауданында болды.
Барлық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан активпен кездесу өтті. Әңгіме барысында Айдос Майлыбаев ағымдағы мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, сапар аясында облыс прокуроры азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.
Аудан әкімі Гайдар Қасенов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытқа табыс тіледі.