Ауданда тәулік бойы су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді

Ауданда тәулік бойы су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді

Құрметті шортандылықтар!

Шортанды ауданының әкімдігі Сіздің назарыңызға көктемгі су тасқыны барысында жедел шаралар қабылдау үшін ауданда тәулік бойы су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейтінін жеткізеді.

Штабтың функциясына аудан орталығы мен ауылдық округтер бойынша ақпарат жинау кіреді. Шағымдардың түсуін қадағалау және олармен жұмыс істеу.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындар тәуліктің кез келген уақытында штабқа келесі телефондар бойынша хабарласа алады: 87163121213, 87086336208.